ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы БҰҰ ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілдігімен ынтымақтастықта 2023-2025 жылдарға арналған "Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу 2024" (МИКС) жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл зерттеудің мақсаты - сенімді деректер мен талдау арқылы балалар құқықтарының қорғалуын мониторингілеу бойынша Қазақстанның мүмкіншілігін кеңейту.
Бұл жобаны іске асыру балалар мен әйелдердің хал-ахуалы деңгейін анықтауға, сондай-ақ ұлттық даму бағдарламалары мен жоспарларының тиімді жүзеге асырудағы прогрессті тексеруге мүмкіндік береді.
Биыл 20 мамырдан бастап 25 маусымына дейін кластерлердің барлық құрылыстарындағы үй шаруашылықтарының тізімін жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Тізім жасау үшін Бюро қызметкерлері әрбір іріктеп алынған кластерге барып, Үй шаруашылығының тізімін жасауға арналған нысанға - әрбір құрылыстың барлық тұрғын жай және тұрғын жай емес бірліктерін және тұрғын жайда тұрып жатқан үй шаруашылығы басшысының аты-жөнін енгізеді.
Бұл тізім биыл 1 қыркүйектен бастап 30 қарашаға дейін деректерді жинау бойынша дала жұмыстарын жүргізу үшін МИКС 2024 іріктемесіне үй шаруашылықтарын ақырғы іріктеу кезінде негіз болады.